• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:24:53
Алматы
+12°

«AMANAT» Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қостанай облысының Арқалық қаласында сайлаушыларымен бірқатар кездесу өткізді.

Алдымен қала жұртшылығымен кездесу өтіп, оған 300-ден астам адам қатысты. Штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасындағы өңірлерде әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған негізгі басымдықтар туралы айтты.

дьд

«Ел аумағындағы моноқалалардың проблемалары бір-біріне ұқсас. Халық көшіп жатыр, инженерлік желілер мен жолдардың тозығы жеткен. Білім және медицина салаларында да шешілмеген мәселелер бар. Азаматтардың ұсыныс-пікірінің негізінде партия әрбір өңір үшін жеке сайлауалды бағдарлама әзірледі. Онда жол сапасын жақсартуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған және басқа да жүйелі шаралар қамтылды», - деп атап өтті «AMANAT» төрағасы Ерлан Қошанов.

Ол Арқалықты дамыту мақсатында Үкімет кешенді жоспар әзірлегенін және партия қала тұрғындарымен бірлесіп оның іске асырылуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

св

Бұдан соң штаб мүшелері Арқалық жылу энергетикалық компаниясының еңбек ұжымымен кездесіп, тозығы жеткен коммуналдық желілердің жай-күйін талқылады. 2027 жылға дейін партия 40 шақырым электр және су құбыры желілерін, сондай-ақ 65 шақырым кәріз желілерін қайта жаңартуды қамтамасыз етеді.

Жалпы еліміз бойынша ТКШ инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту іске қосылады. Энергетика саласын басқаруды реформалау жалғасады. Тиімділік пен инвестициялық тартымдылықты арттыру арқылы желілер мен нысандарды одан әрі жаңартуға жол ашу жоспарлануда.

вв

Осы күні штаб мүшелері шағын және орта бизнес өкілдерімен де жүздесті. Партиялықтар бизнесті жүргізу бойынша қарапайым ережелерді қамтамасыз етуге күш салатынын атап өтті. 2027 жылға дейін кем дегенде 15 мың артық реттеуші кедергі жойылады. Заңнама деңгейінде экономикадағы монополияны жою және адал бәсекелестікті дамыту жұмысы жүргізіледі.

дбж

Сондай-ақ штаб мүшелері қаланы аралап, Арқалықтың қазіргі жайымен, оның ішінде әлеуметтік нысандарды абаттандыру және салу барысымен танысты.

Дайындаған: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

"AMANAT" партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір