Фото: Ашық дереккөз
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Ұлытау облысының рухани дамуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда елдегі кей облыстардың атауын өзгерту туралы ұсыныс айтты.
«Кеңестік кезеңнен қалған атаулардан арылатын уақыт жетті. СҚО-ға – Қызылжар, Павлодарға – Баянауыл, БҚО-ға – Ақжайық, ШҚО-ға – Алтай деген тарихи атауларын қайтаруымыз керек» деген ол бастама жүзеге асса, тарихи әділдік орнап, ел мен жер тағдыры үшін күресіп, ұлан байтақ жерге иелік еткен ата-баба мұрасы қайта жаңғырар еді деп санайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір