• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 17:22:49
Алматы
+12°

Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс сайлауына қатысатын саяси партиялар арасында өтетін сайлауалды теледебаттар туралы айтты.

"Сайлау алдындағы жарыссөздерді өткізу тәртібі мен шарттары бекітілді. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партиялардың пікірсайысын өткізу туралы тиісті шешім қабылдады. Пікірсайыс ұйымдастыру мақсатында Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігімен тиісті телеарнаны анықтау бойынша консультация жүргізілді", Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова

Оның айтуынша, телеарнаның техникалық мүмкіндіктері мен аудиториян көлеміне назар аударылған.

"Министрлік "Хабар" мемлекеттік жалпыұлттық телеарнасының эфирінде сайлауалды теледебаттарды өткізуді ұсынды. Телеарна бүкіл ел бойынша телехабарлардың кең ауқымында хабар таратады. Сайлау алдындағы теледебаттардың күнін 2023 жылдың 16 наурызына белгілеу ұсынылды", - деді ол.

Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы биылғы 19 наурызда өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір