24 Ақпан, 2023 NEWS
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдай министрлігі Қазавиақұтқару ұшағы апатынан аман қалған екі адамның жағдайы орташа ауыр екенін хабарлады.
Министрліктің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, Қазавиақұтқару инженері С.Щеглов пен "ҚазТрансОйл" АҚ желілік құбыржолшысы С.Ерғалиев бас сүйек-ми зақымын алып, екеуінің де миы шайқалған. Науқастардың өмірі үшін Оралдағы көпсалалы нейрохирургия орталығының мамандары күресіп жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр екені хабарланды.
Кеше сағат 15:38-де Орал қаласынан 54 шақырым жердегі Бәйтерек ауданы Чапурино кентінің ашық аумағында "Атырау-Орал-Атырау" бағыты бойынша ұшқан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Қазавиақұтқару мекемесінің тікұшағы апаттық жағдайда қонып, салдарынан Қазавиақұтқару қызметінің төрт қызметкері қаза тауып, екі адам зардап шеккен.
Қаза тапқандар арасында әуе кемесінің командирі Довлетбай Қанатов, екінші ұшқыш Владимир Афанасьев, борт механигі Сиязбек Андосов және инженер Жәрдем Досқалиев бар. Бортта 5 экипаж мүшесі және "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 1 өкілі болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір