• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 19:23:11
Алматы
+35°

Ақтөбе облысында ірі жол апаты болып, бір отбасының төрт адамы қаза тапты. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

21 ақпан Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Самара-Шымкент автожолының 938 шақырымында қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілген. Көлікте болған 31 жастағы жолаушы мен оның 2017, 2015 және 2020 жылғы үш баласы оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір