• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 17:19:19
Алматы
+35°

Бразилия жағалауында болған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 36 адам қаза тапты. Сан-Себастьянда 35 адам көз жұмса, Убатуба мэрі жас қыздың денесі табылғанын хабарлады. Жексенбі күні аудандарда жауын-шашынның айлық мөлшерінен 2 есе көп деңгейде жауын жауған. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Құтқару-іздестіру жұмыстары әлі де жүргізілуде. Кейбір қалаларда жыл сайын өтетін карнавал тойлауға тыйым салынған.

«Құтқарушылар саны аз. Жағдай қиын. Шығын көлемін әлі есептемедік. Қалада 50-ге жуық үй құлап, ондаған адам іс-түссіз жоғалып кетті» деді Сан-Себастьян қаласының мэрі Фелипе Аугусто.

Шенеуніктердің мәлімдеуінше, Сан-Паулудың солтүстік жағалаудағы аудандардан 338 адам эвакуцияланып, 228 адам баспанасыз қалған.

Президент Луис Инасиу Лула да Силва Твиттердегі парақшасында жақындарынан айырылғандарға көңіл айта отырып, дүйсенбі күні зардап шеккен аудандарға баратынын жазды.

«Біз үкіметті ұйыстырып, жаралыларды емдеуге, іс-түссіз жоғалғандарды іздестіріп, жол мен  телекомуникацияны қалпына келтіруге барымызды саламыз» деді Силва мырза.

Зерттеушілер су тасқыны секілді табиғи апаттар климат өзгеруінің салдарынан жиілеп кеткенін айтады. Аймақта қайтадан қатты жаңбыр жауып, құтқарушылардың жұмысы қиындай түсуі мүмкін.  

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бразилия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір