• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 07:35:18
Алматы
+35°
Тәуелсіздік жылдарынан бері балаларға ең жиі қойылған есімдердің индексі толық жаңарып, аттардың мән-мазмұны діни сипатқа ойысқаны байқалады. Бұл туралы Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлім етті.
 
Сәкен Есіркеп балаға ат қою халықтың рухани құндылығын, неге жіті көңіл бөлетінін айқындайтын барометр екенін, мұны антропонимика ғылымы да дәлелдейтінін айтады.
 
"Тоқсаныншы жылдары ұл балалардың топ ондығында Азамат, Нурсултан, Бауыржан, Данияр, Ерлан, Олжас, Руслан, Арман, Ержан, Жандос аттары орналасса, соңғы 2022 жылы Алихан, Омар, Алдияр, Айсұлтан, Амир, Нұрислам, Алан, Али, Алинұр, Арсен деген аттар көш бастаған.
 
Қыздарда 1991 жылы Айгерим, Айдана, Динара, Айнур, Жанар, Айжан, Асель, Мадина, Салтанат, Арайлым есімі жиі қойылса, былтыр Медина, Айлин, Айша, Асылым, Томирис, Аяла, Раяна, Сафия, Айзере және Айым атты бүлдіршіндер дүниеге көп келген екен.
 
Отыз жыл ішінде балаларға ең жиі қойылған есімдердің индексі толық жаңарғанын көрдіңіздер. Сонымен бірге аттардың мән-мазмұны да діни сипатқа ойысқаны байқалып тұр. Бұл адамдардың діни көзқарасына байланысты ма, әлде еліктеушіліктен бе? Ол жағы жеке зерттеуді қажет етеді.
 
Қыздарға есім қоюда ә, қ, і, ү, ұ, ө, ғ сияқты қазақтың төл дыбысынан қашу үрдісі байқалады. Бұл Айнура, Нурай, Асель, Карагоз, Гульсим деген сияқты төл дыбысымызды бұрмалайтын аттардың көбейгеніне қарағанда жақсы да шығар.
 
Заман бір орнында тұрмайды. Көзқарас, құндылықтың уақыт өте өзгеріп отырғаны да дұрыс шығар. Десе де балаға ат қоюда ұтқанымыздан ұтылғанымыз көп емес пе деген ой келеді екен" дейді Сәкен Есіркеп.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: есім таңдау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір