• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:57:42
Алматы
+12°

Бас прокуратураның баспасөз қызметі Польшадан Қазақстанға қаржы пирамидасы жетекшілерінің бірі экстрадицияланғанын мәлім етті.

"Ол 2018-2020 жылдар аралығында бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қаржы пирамидасының жетекшілерінің бірі бола тұра, азаматтардың ақшалай салымдарын жалған жобаларға тартудың қылмыстық схемасын ұйымдастырып, үлкен қызығушылық төлем жасау елесін қалыптастырған деген күдікке ілінген. Ұйымдасқан топ мүшелерінің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде зардап шеккен 1345 жәбірленушіге 6,3 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген" делінген хабарламада.

Прокуратура хабарламасында күдікті QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының басшысы ретінде айтылады. 

Күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Бас прокуратура, Ішкі және Сыртқы істер министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында күдікті К. есімді азамат Қазақстанға экстрадициялып, Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған айып бойынша 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Польша іздеуде жүрген адамды Қазақстанға алғаш рет экстрадициялап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір