• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:12:12
Алматы
+12°

Павлодар қалалық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтың екі ісін қарады. Сот бюджеттің ісін тиімсіз пайдаланғаны үшін әр іс бойынша 214,4 мың теңге айыппұл тағайындады. 

Сот департаменттің 2021 жылы 18 қызметтік жылқыға жем сатып алуға 60,9 млн теңге бөлгенін анықтаған. Алайда нормаларды бұзып, 10,7 млн теңге артық жоспарлаған. 2022 жылы жемге 13,4 млн теңге бөлінген, бірақ нормадан тыс 8,5 млн теңге қосылған.

Сот тиімсіз жоспарлау бюджет ақшасын тиімсіз пайдалануға әкеп соқты деп есептейді.

"Облыстық полиция департаменті бұрынғы басшысының кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар арқылы, аудиторлық есептер, тексеру комиссиясының материалдары, айғақтар және сот зерттеген басқа да материалдар арқылы дәлелденеді. Сот ҚР ӘҚБтК 234-1-бабы бойынша айыпталушыға әр іс бойынша 214,4 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сот әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасау кезінде іс жүргізу нормаларын бұзғаны үшін "Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ атына жеке қаулы шығарды.

Нұрлан Мәсімовтің өзі қазір өзге қылмыстық істер бойынша тергеуде отыр. Ол 2022 жылы 17 қаңтарда қызметінен босатылып, артынша іздеу жарияланған. Оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды. 2022 жылы 13 шілдеде Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресей шекарасының маңында ұстаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір