• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:20:51
Алматы
+12°
Экономист Меруерт Махмұтова премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр жанар-жағармайға бөлінетін мемлекет субсидиясын ресейлік өндірушілірге беруі мүмкін екенін айтты.
 
Сарапшы Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттары жөндеуге жабылғанда, жетпеген мұнай өнімдері Ресейден жеткізіліп, бағаны ұстап тұру үшін үкімет субсидияны шетелдік өндірушілерге беруі ықтимал екенін атап өтті.
 
"Скляр 2023 жылы барлық үш өңдеу зауыты жөндеуге жабылатынын мәлімдеді. Мына жаңалықты оқып отырып не ойладыңыз? 5 ақпаннан бастап Ресейден келген мұнай өнімдеріне санкциялар күшіне енді. Сәйкесінше, Скляр мен Ко олар үшін Қазақстан нарығын босатады. Ресейде бағалар жоғары – мұнда ЖСМ бағасының өсуі күтілуде. Біздің отандық ЖСМ бағалары субсидияланады. Егер Үкімет өңдеу зауытын тоқтатқанда бағаны ұстап тұруға уәде берсе, онда субсидия ресейлік өндірушілерге/брокерлерге кетеді деген сөз" дейді экономист.
 
Сарапшы сөзі расқа айналса, онда үкімет ақшасы сыртқа кетеді деген сөз.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір