03 Ақпан, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотында журналист Махамбет Әбжанның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.
Журналист тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысы жабық форматта өтті.
Сот журналист Махамбет Әбжанды ҚК-нің 274-бабының 3-бөлігі – «Азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан көрінеу жалған мәліметтерді тарату» және Қылмыстық кодекстің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы – «Аса ірі мөлшерде бопсалау» баптары бойынша айыпты деп тапты.
Махамбет Әбжанды өткен жылдың 3 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстаған. Ол кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады деп айыпталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір