• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:06:15
Алматы
+12°
"Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамында кадрлық ауыс-түйіс болып, төрағаның үш жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл туралы компания баспасөз қызметінің жетекшісі Дәурен Омаров хабарлады.
 
Жаңа тағайындалған Дәулетжан Хасанов басқарма төрағасының орынбасары ретінде операциялық активтердегі мұнай мен газды барлау және өндіру бағытына, олардың тиімділігін арттыруға және одан әрі дамытуға, сондай-ақ ҚМГ-нің ресурстар базасын кеңейтуге және кен орындарын тиімді игеруге жетекшілік ететін болады.
 
Бұған дейін бұл қызметті атқарып келген Құрманғазы Есқазиев «Қаламқас теңіз - Хазар» теңіз жобасының басшысы лауазымына ауысты. Сонымен қатар ол Ақтаудағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдігінің директоры болып қала береді.
 
Келесі орынбасар Қуаныш Құдайбергенов ірі мұнай-газ активтеріне жетекшілік ететін болады. Бұл қызметті атқарып келген Мұрат Мұнбаев 2022 жылғы желтоқсан айында өз еркімен қызметінен кеткен.
 
Басқарма төрағасының үшінші орынбасары Серікқали Брекешев газ жобаларын дамыту бағытына жетекшілік етеді. Ол бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір