• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:46:55
Алматы
+12°

Қытайдың Сычуань провинциясында әр отбасына рұқсат етілген бала санына шектеу алынды, деп хабарлады BBC Russian.

Үкімет некесіз бала көтерген әйелдерге ресми түрде тіркеліп, ерлі-зайыптылар сияқты барлық жеңілдікті алуға мүмкіндік беруге шешім қабылдады. Қытай заңы ресми тұрмысқа шықпаған әйелдерге бала тууға тыйым салмайды, бірақ заң бойынша "ана" статусы тек некедегі әйелге беріледі. 

Сонымен қатар жалғызбасты аналарға, тұрмыстағы әйелдерге берілетін жеңілдіктер қолданылмайды, тіпті жұмыс беруші оларды кез келген уақытта жұмыстан шығара алады.

2023 жылдың 23 қаңтарында Қытай үкіметі жариялаған статистикаға сәйкес 2022 жылы Қытайда 9,56 миллион адам дүниеге келіп, 10,41 миллион адам қайтыс болған. Бұл – соңғы 60 жылдағы халық санының алғаш рет азаюы.

Қытайда соңғы халық санағы туу көрсеткіштері төмен екенін көрсеткеннен кейін дүниеге үшінші бала әкелуге рұхсат еткен. Жаңа саясат ұлттық қартаю процесінің алдын алуды көздейді.

2016 жылы Қытай 1979 жылдан бері қолданылған "бір отбасы – бір бала" саясатынан бас тартып, екінші баланы тууға рұхсат еткен. Алайда жаңа саясат күткендегідей нәтиже бермеген.

Сарапшылар бүгінде үлкен жанұяны қалайтын жастардың өте аз екенін, бауырсыз өскен, шағын отбасыға үйреніп қалған қытайлықтардың тұтас буыны қалыптасқанын айтады. Жастар отбасылық табысты бірнеше бала арасында бөлгенше, бір балаға барынша назар аударуды құп көреді.

Сондай-ақ "бір отбасы – бір бала" саясаты гендердің дисбалансқа әкеліп соғып, ер балалардың көбеюіне әсер еткен.
 
Кей мамандар жаңа тәртіп те бала туу көрсеткішін айтарлықтай арттырмайды деп санайды.

Commerzbank сарапшысы Хао Чжоу Reuters-ке білдірген пікірінде "жастар ары кетсе екі бала ғана өсіргісі келеді, мәселенің түп-себебі өмір сүру құны тым қымбат, ал өмірлік қысым аса жоғары болуында" деген.

Қытайдағы соңғы халық санағы 2020 жылы 12 миллион сәби дүниеге келгенін көрсеткен. 2016 жылы 18 миллион нәресте жарық дүние есігін ашқан болатын. Соңғы көрсеткіш 1960 жылдан бері тіркелген ең төменгі көрсеткіш болды.

Медиа-аналитик Керри Алленнің сөзінше, Қытайда еңбек нарығының қысқаруынан жастардың көбірек жұмыс істеуі қалыпты жағдайға айналған. Сондай-ақ ерте жұптасуға қарағанда, білім алу мен жұмысты жалғастыруды қалайтын әйелдер де көбейе түскен.

Жаңа саясат қала мен ауыл халқы арасындағы алшақтықты тудыруы мүмкін дегенді айтатын сарапшылар да табылып жатыр. Олардың пікірінше, Бейжің, Шанхай секілді қымбат қалада тұратындар бала тууды кейінге қалдыра береді. Үлкен жанұя құруға ұмтылыс тек ауылдықтар арасында ұшырасуы ықтимал.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір