• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:17:47
Алматы
+35°

Пәкістанның Пешевар қаласындағы мешіттегі жарылыстан 28 адам қаза тапты. Ал зардап шеккендердің саны 150-ден асқан. Қайғылы оқиға көпшілік бесін намазын оқып жатқан кезде болған. Сол сәтте мешітте шамамен 260 адам құлшылық жасап жатқан.

"Аурухана өкілі жарылыс салдарынан 28 адам қаза тапқанын, 150-ден астам жараланған тұрғын ауруханаға жеткізілгенін айтты. Дәрігерлердің сөзінше, зардап шеккен 10-нан астам адамның жағдайы ауыр", деп хабарлады  Geo News арнасы. 

Мешіт жергілікті полиция штаб-пәтері мен терроризмге қарсы күрес бөлімшесіне жақын орналасқан. Қаза тапқандардың көбі полиция қызметкерлері. 

Жанкешті мешітте намаз оқылып жатқан кезде алдыңғы қатарда тұрып, өзін жарып жіберген. Жергілікті полиция ғимараттың жартысы қирап қалғанын мәлімдеді. Қиранды астында қалған адамдарды құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. 

Әзірге терактіні ешқандай ұйым мойнына алмады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Пәкістан теракті

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір