24 Қаңтар, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің бастығы Е.Айтқұлов Бас прокуратураның парламенттегі ресми өкілі Мейрамбай Кемаловтың журналистерге дөрекілік танытуына байланысқы қандай шара қолданылғанын айтты.
"Тексеріспен анықталғандай, оның іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп кодексінің 8-тармағының 13-тармақшасында бекітілген қызметкер моральдық-психологиялық төзімді, ұстамды болуға, субординацияны сақтауға, әріптестерімен ізеттілік қарым-қатынаста болуға, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен зейінділік танытуға тиіс делінген талаптардың бұзылу белгілері бар.
Сонымен қатар, М.Т. Кемаловтың көп жылғы мінсіз қызметін ескеріп, оған қатысты қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертумен шектелу жөнінде шешім қабылданды" делінген жауапта.
Бұдан бұрын ҚР Бас прокуратураның Парламенттегі ресми өкілі Мейрамбай Кемалов БАҚ өкілдеріне айқайлап, "Кет дегенде ит те кетеді!" деп жекіген. Тілшілерді итке теңеген шенеуніктің видеосы желіде кеңінен тарап, журналистер оның жауапкершілікке тартуды талап етіп, Бас прокуроратураға арыз жолдаған.
Дереккөз: Ulysmedia.kz.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір