• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:14:48
Алматы
+12°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы парамен ұсталғанын хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде" агенттік хабарламасында.

Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынған.

Қорғаныс министрлігі аталған дерекке дереу пікір білдірді. Министрлік хабарламасы өзін ақтаудың "үйреншікті әдісіне" көбірек келеді.

Қорғаныс министрлігі ведомствоға қарасты Ақпараттық технологиялар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қызметшіні ұстағанын растайды, бірақ ол ұсталғанға дейін қорғаныс ведомствосының құрамынан шығып кеткен екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір