• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:38:49
Алматы
+12°

Бас прокуратураның орынбасары Арқанкергенде 15 адамды өлтірді деп айыпталып, 15 жылға сотталған Владислав Челахтың арыз-шағымын қарап жатқанын хабарлады. Алайда Әсет Шындалиев шағымның мән-жайын ашып айтпады. 

Elmedia сайтының дерегінше, Владислав Челахты 2 күн бойы бас прокуратура қызметкерлері тергеуге алған. Бұл туралы Челахтың анасы хабарлаған. 

"Оның шағымын қарап жатырмыз. Қорытындысын сіздермен бөлісетін боламыз. Ешқандай тергеу болмады", деді Әсет Шындалиев Үкімет кулуарында. 

Ол Челахтың шағымы туралы нақты ештеңе айтпады. Тек "Қаласа Челахтың өзі айтып берсін" деп жауап қайтарды. 

Бұған дейін Азаттық радиосы Владислав Челах "Арқанкерген" бекетіндегі 15 адамның өліміне қатысты жағдайды түсіндіруге дайын екенін мәлімдеп, президент Қ.Тоқаевқа хат жазғанын хабарлаған. Ол хатта "жасамаған қылмысы үшін" өмір бойына қамалғанын және шекара бекетіне шабуыл болғанын айтқан. Челахтың туыстары хатты электронды түрде президент атына жолдап, хат қаңтарда қаралады деген жауап алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір