Фото: Ашық дереккөз
Сыртқы істер министрлігі ұлыбританиялық комиссияның "Қаңтар" оқиғасы мен белсенді Жанболат Мамайдың тергеуі бойынша Қазақстанға келуі туралы туралы білдірді.
Айбек Смадияров Ұлыбритания парламентінде Жанболат Мамайдың ісін тергеу үшін құрылған ресми комиссия жоқ екенін айтты.
"Мұндай комиссия Ұлыбритания парламентінде де, үкіметінде де ресми түрде құрылмаған. Қазақстанның анонимді азаматтары тобының тапсырысы бойынша тергеу жүргізетін Bindmans LLP атты заң компаниясы бар. Бұл қандай компания және олар не істейді, сіздер интернеттен көріп аласыздар. Ал британдық тараптың ақпаратына сәйкес, бұл комиссия деп аталатын топ елдің парламенті немесе үкіметінің мүддесін білдірмейді. Бұл комиссияның ешқандай ресми рөлі жоқ", деді министр.
Бүгін Алматыға Қаңтар оқиғасын және белсенді Жанболат Мамайды қылмыстық қудалау ісін тергеу бойынша Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі Кен Макдональд (Lord Macdonald KT KC of River Glaven) бастаған Комиссия өкілдері келген.
Құқыққорғаушы, оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың зайыбы Инга Иманбай Ұлыбритания парламенті депутаттары құрған Комиссияның елге келуі халықаралық қауымдастық Қазақстандағы жаппай адам құқығын бұзу жағдайларына көз жұмып қарамайтынын білдіреді деп санайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір