13 Қаңтар, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Депутаттар Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы туралы заңның күшін жою туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті – Елбасының мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды.
Заң жобасын сенаттан қатысып отырған 44 депутат пен мәжілістен қатысып отырған 93 депутаттың бәрі мақұлдады.
Конституциялық заңның қабылдануы теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейтіні, бюджеттен қосымша қаржы талап етілмейтіні хабарланды.
Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша құзыреттер мен кепілдіктер беретін заң күшін жойғанымен Н.Назарбаев президент туралы заңның экс-президенттер жайлы VI тарауына сай бірқатар кепілдіктерге ие.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір