11 Қаңтар, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Тұрақты кеңесінің отырысы барысында ұйымның жаңа бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ресми түрде таныстырылды.
Иманғали Тасмағамбетовтың айтуынша, әлемдік сын-қатерлерге қарамастан ұйымға мүше мемлекеттер аумағында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына ешқандай балама жоқ.
"ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларына ұйымның жұмыс құрылымын басқаруға сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді. Әлем үлкен геосаяси сынақтардың куәсі болып отыр, өте күрделі саяси, экономикалық және басқа да проблемаларды шешуге тура келеді. ҰҚШҰ алдында күрделі міндеттер тұр. Осы сын-қатерлер мен проблемалардың барлығы біздің Ұйымның шешуші рөліне, оның беделі мен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тетігі болу қабілетіне әсер етеді. Оның ары қарайғы беделі мен тиімділігі өзімізге байланысты. Барлық қиындықтарға қарамастан, мен ҰҚШҰ үшін балама жоқ екеніне, оның өзіне жүктелген міндеттерді шешуге қабілетті екеніне сенімдімін", - деді Тасмағамбетов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір