• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:06:19
Алматы
+35°
Белгия мен Францияның бірнеше қаласында Франция мен Марокко футбол құрамаларының жанкүйерлері тәртіпсіздік ұйымдастырып, полицейлермен қақтығысты, деп жазады dw.com басылымы.
 
Бельгия астанасы Брюссельде жанкүйерлер тәртіпсіздік ұйымдастырып, жүздеген адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны, полиция көлігін бүлдіргені, тыйым салынған пиротехникалық заттарды қолданғаны үшін қамауға алынған. Қаланың орталық аудандарында қоғамдық көлік қозғалысы шектелген.
 
Францияда жанкүйерлердің құрама жеңісін тойлауы бақылаудан шығып кетіп, Елисей алаңында полиция қызметкерлерімен қақтығыстар болған. Монпелье қаласында жанкүйерлер бірін-біріне пиротехникалық заттар лақтырса, Канны қаласында бірнеше автокөлік бүлінген. Полиция оларға көзден жас ағызатын газ шашқан.
 
Катарда футболдан өтіп жатқан әлем кубогының жартылай финалында Франция Марокконы 2:0 есебімен жеңген. Марокко әлем біріншілігінің жартылай финалына дейін жеткен алғашқы африкалық әрі араб мемлекеті атанып отыр.
 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Франция-Марокко

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір