• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 05:50:53
Алматы
+12°

Фото: Орталық коммуникациялар қызметінің сайты

3 қарашада "қаңтар оқиғалары" барысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты "Рақымшылық турал" заңның ережелері күшіне еніп, содан бері 1 071 адамға рақымшылық жасалды. Бұл туралы Бас прокуратура 1 қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.

Тергеу органдары сотқа дейінгі кезеңде ауырлығы орташа қылмыс жасаған 8 күдіктіге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатқан.

– Сот 9 адамға қатысты істерді тоқтатты, үкім шығарылған кезде 77 адамға жаза мерзімі қысқартылды. Сондай-ақ соттар 902 сотталушының жазалау мерзімін қысқартты, оның 827-сі есеп беретін пробациялар, ал 75-і жазадан босатылды. Өткен ай ішінде рақымшылық актісін қолдана отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан 60 адам, ал пробациялық бақылаудан 68 адам босатылды, деді спикер.

Елдос Килымжановиың дерегінше, бүгінгі күнде 579 адам сотталған, оның ішінде 462 адамға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Оның 117-сі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, тонау, тұрғын үй-жайға кірумен жасалған ұрлық, қаруды ұрлау және де төтенше жағдайда көрінеу жалған ақпарат тарату сияқты ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір