08 Желтоқсан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Жақып Асанов Жоғарғы сот төрағасы қызметінен босатылып, оның орнына Асламбек Мерғалиев сайланды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын ұсынған болатын. Сенаторлар Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын мақұлдады.
Мерғалиев 1972 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ол Қазақстанның сот жүйесінде 20 жылдан астам қызмет етіп келеді. Павлодар қалалық соты, Екібастұз соты, Солтүстік Қазақстан облыстық соты және Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметтерін атқарған. 2020 жылдың желтоқсанынан бүгінге дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып қызмет атқары келген.
Ресми ақпаратта Жақып Асанов қызметтен басқа жұмысқа ауысуына байланысты кеткені айтылады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір