• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:10:03
Алматы
+12°

Белгілі әртіс, есімі алыс-жақын шетелге танымал орындаушы Димаш Құдайберген 150 мыңнан астам тұрғыны бар Екібастұз қаласының жылусыз қалуына кінәлі адамдарды жауапқа тартып, түрмеге жабуға шақырды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғанымды айтпасам да түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғасын, ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді, бірақ мына далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпесін десеңіздер,ЖЭО басшысынан бастап, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін…" делінген әртістің жазбасында.

27 қарашада Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, 30 градустық аязда қаладағы көпқабатты үйлер жылусыз қалған. 28 қарашада қала бойынша төтенше жағдай жарияланды. Жылу электр орталығы олигарх Александр Клебановқа тиесілі. Қаланың бұрынғы әкімі Нұржан Әшімбетов олигарх шығынға батқан жылу орталығын субсидияға сеніп жекешелендіріп алғанын айтады. Апаттан кейін президент проблемалық энергоресурстарды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырған. Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Екібастұзда жүрген вице-премьер Роман Скляр олигархтың жауапкершілігіне байланысты әңгіме тиісті тексеріс аяқталған соң қозғалатынын айтқан. Бүгін қаладағы 71 көпқабатты проблемалық үйдің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілгені хабарланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір