• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:26:30
Алматы
+7°

10 қарашада Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Қазақстан жазушылар кітапханасында «Әдебиет мәдени феномен ретінде. ТМД елдерінің мәдениеті мен шығармашылығы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті, деп жазады assembly.kz.

Іс-шараға М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры К.Матыжанов, ТМД елдерінің өкілдері: жазушы, «Художественная литература» баспасының бас редакторы Георгий Пряхин, Беларусь Республикасынан «Звязда» парламенттік газеті мен баспа үйінің бас редакторы Алес Карлюкевич қатысып, Қазақстан жазушылары одағының мүшелесі, жазушы Нұрдәулет Ақыш, РУДН кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Галай Карина, жазушы Саят Қамшыгер, филология ғылымдарының докторы Әлімжан Хамраев, «Қоғамдық келісім» РММ республикалық Достық үйінің қызметкері Жалғас Шыныбеков, ақын Абашев Айбол сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар отандық әдебиет саласының қазіргі жағдайы, оның қоғамды ұйыстырушы әлеуетін талқылады.

Қатысушылардың айтуынша әдебиет халықтың рухани өмірінің бояуы. Әдебиет халықтың тілек-мүддесіне толық сәйкес келген жағдайда нағыз халықтық сипатқа ие болады. Осылай полиэтникалық қазақстандық қоғамда мәдениет феномені ретінде әдебиеттің ұйыстырушы әлеуеті, әрі рөлі өте маңызды.

Сонымен қатар өскелең ұрпақтың қалыптасуына, рухани қанық болуына әдебиеттің әсері зор екендігін айтып, жалпы мәдениеттің өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір