• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:13:20
Алматы
+12°

Алматы облысының әкімдігі Талғар ауданына қарасты бірнеше ауылда газ, жарық, орталықтандырылған су болмай қалғанына байланысты пікір білдірді.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, магистральдық газ құбыры қалпына келтірілген, қазір абоненттерді көгілдір отынға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Панфилов ауылында газ қосылған. Гүлдала ауылында абоненттердің 80%-на көгілдір отын берілді. Тұздыбастауда қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Газ компаниялары түске дейін газға қосу ісін қалпына келтіретініне кепілдік берді, – деді Ғалымұрат Жүкел.

Әкімдіктегілер орталықтандырылған ауыз су мен электр энергиясының өшуіне кеше Панфилов ауылында трансформаторлық қосалқы станцияның жүктемесіне байланысты есептегіш, рубильник, бірінші көтергіштің тереңдік сорғысы өртенгені себеп болды деп отыр.

– Осыған байланысты су беру тоқтатылды. Талғар ауданының «Талғар су» МКК қызметкерлері сорғыны ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ ауа-райына байланысты Тұздыбастау ауылындағы Жерұйық ықшам ауданында 300 үй жарықсыз қалды. Ал Гүлдала ауылында 1500 үй электрден ажырап қалды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргіп жатыр, шамамен 13:00 шамасында электр энергиясы беріледі, – дейді облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір