• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:07:12
Алматы
+12°

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

"Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген Ақорданың хабарламасында. 

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысы әкімі болып 2020 жылдың 21 қаңтарында  тағайындалған.

Қазір облыс әкімі міндетін уақытша Олег Крук атқарады. Ол бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары болған.

150 мың халқы бар Павлодар облысындағы Екібастұз қаласының тұрғындары қақаған аязда бірнеше күн бойы жылусыз қалғаннан кейін Ысқақов қызметінен босап отыр. 27 қарашаға қараған түні жергілікті жылу электр орталығындағы қазандықтар істен шығып, ондаған көпқабатты тұрғын үй, сонымен бірге жеке үйлер мен әлеуметтік нысандар 30 градус аязда жылусыз қалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір