22 Қараша, 2022 NEWS
Фото: Reuters
Қытайда Covid-19-дың таралуы пандемия басталғалы бергі шырқау шегіне таяп ққалды. Бейжің саябақ, сауда орындары, музей сынды адам көп жүретін жерлерді жауып жатыр, деп жазады Reuters агенттігі.
21 қарашада Қытайда 2145 адам Covid-19 жұқтырса, 25 754 адам індеттің симптомсыз түріне шалдыққан. Бұл – пандемия кезінде ахуал күрделенген 2020 жылғы сәуірдегі жағдайға жақын. 21 қарашада мамыр айынан бері алғаш рет екі адам коронавирустан көз жұмған.
Қытай мемлекеттік кеңесінің вице-премьері вирустың таралуын тоқтату үшін шұғыл әрі нақты шешімдер қабылдау керектігін айтты.
Бейжің билігі қалаға кіруді қиындатты. Өзге өңірлерден келгендер міндетті түрде ПТР тест тапсыруға тиіс. Көптеген қоғамдық орындар жабылған. Бұл – ковидке қарсы Қытайдағы ең қатал шектеулердің бірі болып отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір