16 Қараша, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Жамбыл облысында жалған құжаттарды дайындаумен айналысып келген адамдар тобы ұсталды. Бұл туралы жергілікті полиция департаменті хабарлады.
"Көлік құралын тіркеудің жалған куәліктерін (техникалық паспорттарды) дайындағаны үшін Шу ауданының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері және оның сыбайласы – осы мекеменің бұрынғы қызметкері ұсталды. Әйел делдал ретінде әрекет еткен. 150 мың теңге көлеміндегі заңсыз ақшалай сыйақы үшін сыбайласымен бірге құжаттарды бұрмалау жолымен жалған техникалық паспорттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан" делінген хабарламада.
Тінту барысында күдіктінің атына тіркелген 8 пластикалық карточка, 41 дайын жалған техникалық паспорт, жалған құжаттарды дайындау үшін жасалған 500 дана пластикалық карточка табылып, тәркіленген.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір