Фото: Республикалық қоғамдық штаб
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Атырау облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.
Мәселен, РҚШ мүшелері «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының ұжымымен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан елдің энергетикалық секторын дамыту жөніндегі шараларға баса назар аударды.
Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың басымдықтарының бірі халықтың тұрмыстық қажеттілігі мен өнеркәсіптің сұранысын қамтамасыз ететін тәуелсіз энергетикалық жүйені құру екенін атап өтті.
«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталатын сайлауалды бағдарламаға сәйкес, алдағы 7 жылда көмірсутегі өндірісін дамыту және өңірлерді газдандыру жалғасады. Ішкі нарық негізгі мұнай өнімі түрлерімен қамтамасыз етіледі. Тауарлық газ ресурсын 30 млрд текше метрге дейін ұлғайтатын жаңа газ өңдеу қуаттары салынады. Жалпы, елдегі газдандыру 60 пайыздық деңгейге жеткізіледі», – деді Ерлан Қошанов.
Мұнай-газ саласының ардагерлерімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары сайлауалды бағдарламаның кәсіпорындардағы еңбек жағдайын жақсарту және жалақыны арттыру жөніндегі тармақтарын түсіндірді. Бағдарлама жұмысшы құқықтары мемлекеттің қатаң қадағалауымен және күшті кәсіподақтармен қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасын құруды көздейді.
Бұдан соң, балық өңдеу кәсіпорнының алаңында сала кәсіпкерлерімен бірге сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан балық шаруашылығын дамыту және су нысандарының экожүйесін қорғау жөніндегі шаралар талқыланды.
Осы күні облыс жұртшылығымен кездесу өтіп, оның барысында РҚШ мүшелері сайлауалды бағдарламаның өңірлердегі әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға арналған блогына егжей-тегжейлі тоқталды.
111 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады, елді мекендердің 100%-ы сумен жабдықтау жүйесімен қамтылады, 22 мың шақырым жол салынады және жөнделеді, ауылдық жерде 700 жаңа медициналық нысан ашылады және тағы басқалар.
Дайындаған: Республикалық қоғамдық штаб
Астана қаласы, Қонаев 12/1.
Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың сайлау қорынан төленді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір