• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:19:01
Алматы
+12°

Бүгін белгілі сатирик, журналист Көпен Әмірбек қайтыс болды. Бұған дейін сатирик Астанадағы көпсалалы онкология ауруларын емдейтін орталықта хирургиялық ота жасатқаны, қосымша ем алып жатқаны хабарланған. Еміне 17 миллион теңге қаржат керектігі туралы да ақпарат тараған.

Көпен Әмірбек 1950 жылы 29 наурызда Түркістан облысы Отырар ауданы Ешкіқора ауылында дүниеге келген.

1975 жылдан бері шығармашылықпен айналысып келеді. "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, "Білім және еңбек", "Ара - Шмель" журналында жауапты хатшы, Республиканың Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сотта баспасөз хатшысы болып ұзақ жылдар бойы қызмет істеген.

Ол – "Ара" журналының бас редакторы, Қазақ радиосы директорының орынбасары болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы, Мәскеу  мен Ташкентте өткен Бүкілодақтық жас сатириктер конкурсының лауреаты.

Әр жылдары жарық көрген "Аты жоқ кітап", "Алып", "Тілім қышып барады", "Қысыр әңгіме", "Ауызбастырық", "Мың бір мысал", "Неменеңе жетісіп күлесің?", "Өзіңді танисың ба?", "Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін" атты әзіл-сықақ, пародия кітаптары арқылы оқырмандарға кеңінен танылған. "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы болған. Өзі құрған "Көпен келе жатыр!.." әзіл-сықақ, пародия театрымен де көрермендердің көзайымына айналған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір