09 Қараша, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаттары Астана қаласы №2 Сарыарқа сотының үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлады Ulysmedia.kz. сайты.
Адвокат Дмитрий Куряченконың сөзінше, үкімге наразылық білдіру мерзімі 12 қарашада аяқталады. Бүгінгі күні Куряченко мен адвокат Серік Сағалиев алдын ала апелляциялық шағым түсірген. Қалған қорғаушылар да жоғары тұрған инстанцияға – Астана қалалық сотына жүгіну үшін шағым дайындауда.
Куряченконың айтуынша, экс-министрдің қорғаушылары сот үкімінің оны лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапқан бөлігіне наразы.
28 қазанда сот Біртановты 5 жылға, ал оның орынбасары Олжас Әбішевті 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Елжан Біртанов “санавиацияны заңсыз пайдаланды” деген айып бойынша ақталғанымен "лауазымын асыра пайдаланды" деген бап бойынша айыпты деп танылды. Екеуі сот үкімі бойынша "келтірілген" 1 млрд 350 млн теңге шығынды өтеуге міндеттелді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір