09 Қараша, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов алқабилер сотына жүгіне алмайды. Бұл туралы Жоғарғы сот қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірәшит Жүкенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл істің жай-жапсары парламент шешім шығарған жағдайда ғана құпиядан шығарылады.
– Бұл заңмен реттелуі керек. Заң бойынша жұмыс істейміз, заң өзгерсе, негіз болады. Кез келген мемлекетте ұлттық қауіпсіздікті қорғау бар және мемлекет кейбір ақпаратты құпиялауға құқылы. Енді бұл істер құпия және құпия болып қала бермек. Сіз біраз ақпарат аласыз деп ойлаймын. Өйткені мемлекет қолжетімділікті қамтамасыз етуі керек, – деді Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жүкенов.
Бұған дейін Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі зерттеу нәтижесі бойынша тексеру органының айыптау актісін бекіткен болатын. Қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға жіберілген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір