08 Қараша, 2022 NEWS
Фото: tengrinews.kz
Алматы қаласындағы Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында екі автобус соқтығысып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлады полиция департаменті.
"Алматы қалалық Полиция департаменті 98 және 201-бағыттағы екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 17 адам зардап шеккенін хабарлайды", - делінген хабарладама.
Бір адам жедел жәрдем жеткенге дейін оқиға орнында қаза тапқан. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сараптамалар тағайындалып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір