• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 20:56:33
Алматы
+35°

Қазақстанда 4 айдың ішінде адам саудасының 30-ға жуық фактісі тіркеліп, 3 қылмыстық топ анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов хабарлады. 

"Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайызы – әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі – балалар. Өкінішке қарай, бұл проблема Қазақстанlf да бар" деді Марат Ахметжанов. 

Министрдің сөзінше, қазір жыл сайын елде 100-ден астам осындай қылмыс тіркеледі.

"Бұрын 300-ге дейін барушы еді. Осы жылы төрт айдың ішінде адам саудасының 30-ға жуық фактісі анықталып отыр. 3 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Жалпы министрлікте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын қайта құрудың арқасында бұл қылмыстардың анықталу қарқыны артып келеді. Бірақ мойныдау керек, бұл тек салдарымен ғана күрес" деді Ішкі істер министрі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір