• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 15:45:59
Алматы
+35°

«Манастың ұлы Сәметей» көркем фильмінің көрсетілімі

15 қазан күні Алматы қаласы республикалық Достық үйінде «Мурас» Қырғыз этномәдени орталығының ұйымдастыруымен әлемге әйгілі «Манас» эпосының трилогиясы негізінде түсірілген «Манастың ұлы Сәметей» атты қырғыз көркем тарихи фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

Іс-шараға Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қырғызстанның Алматыдағы Бас консулы Назарали Арипов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин, «Мурас» Қырғыз этномәдени орталығының мүшелері мен жастары қатысты.

Фильмнің продюсері және жазушысы Өмірзақ Төлөбеков картинаны көрсетер алдында көрермендерге кинокартинаны жасау идеясы мен процесі туралы қысқаша айтып берді.

Қазіргі уақытта «Манастың ұлы Сәметей» атты фильм орыс, түрік, ағылшын, қытай тілдеріне аударылғын және қазақ тіліне аудару алдағы уақытта жоспараланған.

Фильмді көрермендер жылы қабылдады. Көрсетілім аяқталғаннан кейін пікір алмасу өтті. Белгілі қоғам қайраткерлері Қазақстанда жаңа Қырғыз киносын көруге мүмкіндік бергені үшін елшілікке алғыстарын білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір