• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Қараша, 05:25:04
Алматы
+12°

Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров Украинаның Херсон облысына жасаған әуе шабуылы кезінде 23 шешен азаматы қаза тапқанын хабарлады. Қаралы хабарды хабарлаған Қадыров қаза тапқан сарбаздардың отбасын Меккеге қажылыққа апаратынын айтып, уәде берді, деп жазады Настоящее время. 

Херсон облысына әуе шабуылы осы аптаның алғашқы күндері жасалған. Қадыровтың айтуынша, шешендерден жасақталған әскери топтың 58 сарбаз жараланған, оның ішінде төртеуі ауыр жарақаттанған. Шешенстанның басшысы соғыс кезінде 78 украин сарбазы өлгенін айтты. 

Рамзан Қадыровтың айтуынша, Шешенстан сарбаздары жиһадқа қатысып жатыр, қасиетті соғысқа қатысу кез келген мұсылманның арманы.

Ол соғысқа қаза тапқан әрбір шешен сарбазының отбасына өз атынан 1 млн рубль беруге уәде етті.

"Бұдан бөлек, қаза тапқан сарбаздардың отбасын қасиетті Меккеге қажылыққа апаруды қамтамасыз ететін боламыз. Халыққа осындай батыр ұл сыйлаған аналардың алдында қарыздармыз", деп жазды Қадыров. 

25 қазанда украиналық телеграм каналдар Украинада шешендерден жасақталған бірнеше әскери топ қаза тапқаны жайлы жарыса жазған. Херсон облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Хлань Украина қарулы күштерінің Херсон облысындағы шешен полкінің базасына жасаған шабуылы нәтижесінде 40-тан астам жауынгер қаза тауып, 200-ге жуық жауынгер жараланғанын айтқан. 

Қадыров бұл ақпаратқа қатысты нақты мәлімдеме жасамады. Тек 25 қазаннан 26 қазанға қараған түні өзінің телеграм каналына аудиохабарлама жариялап, отандастарын Украинаны жер бетінен жойып жіберуге шақырды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір