• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:43:38
Алматы
+12°

Қырғызстандық БАҚ сөз бостандығына жасалған қысымға байланысты қарсылық акциясын жариялады, деп жазады сол елдің economist.kg басылымы.

"28 қазанда сағат 09:00 бен 12:00 аралығында ақпарат жарияламайды. Сондай-ақ бірнеше ақпарат агенттігі мемлекеттік органдардың баспасөз хабарламаларын күні бойы жариялаудан бас тартады", делінген ұйымдастырушылар хабарламасында. 

Осы уақыт аралығында жаңалықтардың орнына "Жаңалық жоқ. БАҚ-қа қысым бар" деген мәтіні бар қара тақта жарияланған. 

Аталған акцияға Қырғызстандағы белгілі журналистер мен редакциялар, құқық қорғаушылар мен медиа ұйымдар қосылған. Арасында "Клооп", Kaktus Media және 24.kg сайттары да бар.

Бұған дейін Қырғызстанның Мәдениет министрлігі Азаттық Медиа сайтының жұмысын 2 айға тоқтатқан болатын.  Билік Қырғызстандағы Азаттық сайтына тесерілмеген, қоғам арасында іріткі тудыратын ақпарат жариялады деп айыптаған. Қырғызстандықтәуелсіз БАҚ өкілдері билік әрекетін БАҚ-қа қысым деп бағалап, билікті сөз бостандығына жасалған қысымды тоқтатуға, азаматтық белсенділер мен журналистерді акцияға қолдау білдіруге шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір