• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:33:30
Алматы
+12°
Кәсіпкер Сырымбек Тау кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың "орыс тілінде сөйлегендерге қазақша жауап беру төменгі мәдениет көрінісі" деген сөзіне байланысты эмоцияға толы мәлімдеме жасады. Жазбаға қарап Мухоряповтың сөздері Сырымбек Таудың намызына қатты тигенін аңғаруға болады.
 
"Біздің тілімізге әңгіме айтатын жағдайға жетіп, басқа шыққың келеді ме, Рамиль??! Жоқ! Сен қателеспе, енді ақталма да! Мен саған қаным қазақ, жаным қазақ ретінде ескертемін аузыңа ие бол!
 
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, елдің тілі! Қазақша сөйлейтін Президентіміз де саған мәдениетсіз болып көрінеді ме?!
 
Ағайын, тілімізді балақтағы биттей таптағандарды қолдап жүрген сіз бен бізде намыс бар ма?! Бүгінгі мұндай арсыздардың ісіне күйіп тұрмын. Бұны қолдап жүрген қазақтар сендерде намыс болса айтыңдар: аузына ие болсын, кімнің мәдениетті, кімнің ұлт жанды екенін бізге үйретпесін.
 
Достар, мен барлық Сhoco group холдингінің қосымшаларынан бас тартамын. Намысы бар қазақтар Рамильдің парақшасынан кетіңіздер. Қолдары бірнәрсеге жетсе абалап шығатындар нағыз қазақтың жауы. Бұлар Қазақ елінде тайраңдап, тілімізді аяққа таптамау керек. Мемлекеттік құндылықты таптаған адамға ел болып қарсы шығайық!!!
 
Осы жағдай үкімет басында жүрген ел азаматтарының құлағына алтын сырға болу керек. Ертең жаңа Рамильдер шықпайтынына кім кепіл?! Жаңа Қазақстанда тілді таптаған, қорлаған адамдарға қатаң шара қолданылу қажет" дейді кәсіпкер.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір