• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:54:38
Алматы
+12°

Оппозицияның белді өкілі болған, ондаған жыл шетелде тұрып, жуырда елге оралған мемлекет және қоғам қайраткері, Семей, Павлодар облыстарының бұрынғы әкімі, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қоғамдық қозғалысын құрушылардың бірі Ғалымжан Жақиянов Қазақстанда оппозиция неге сәтсіздікке ұшырағанын айтып берді.

1) 2001-2002 жылдары мұнай бағасы өсуіне байланысты бюджетке түсетін ақша артып, елдің экономикасы көтерілді. Сәйкесінше, үкіметке саясатын жүргізу оңайырақ бола бастады.

2) 2011 жылғы 11 қыркүйекте болған Америкадағы теракттен кейін АҚШ сыртқы саясатын, әсіресе Орталық Азияға қатысты саясатын күрт өзгертті. 90 жылдары осында Американың демократиялық институттары, олардың өкілдері көптеген ағартушылық жұмыс жүргізіп, демократия алдыңғы орынға шығуы керек деген идеяны ілгерілететін. Үкіметке демократияны орнату бойынша талаптар қойып, сайлауды қатаң бақылайтын. Теракттен кейін тәртіп пен қауіпсіздікті алдыңғы орынға қойып, демократияны дамытуға бағытталған шаралар кейінге ысырыла берді. 

3) Көрші Ресей билігіндегі өзгерістер. Демократ Ельциннің орнына, "чекист" Путин келіп, авторитаризмді орнатып, сөз еркіндігін шектей бастады. Бұның салдары бізге де әсер етті.

4) Оппозициялық саясаткерлерді өлтірді, атты. Журналистерді қудалап, тәуелсіз медианы жаба бастады. Соның салдарынан 2006 жылдан бері қарай оппозицияның қолында табысты, мардымды жұмыс істеуге мүмкіндік болмай қалды.

Дереккөз: Dope soz youtube жобасы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір