• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 16:56:42
Алматы
+35°

Қаңтар оқиғасы кезінде қираған Республика алаңындағы Алматы қаласы әкімі аппаратының ғимаратын жөндеуге жарияланған тендерді қалалық мәслихат депутаты Әміржан Нәбиевке тиесілі компания еш конкурссыз жеңіп алған. Бұл туралы Shishkin_like телеграм каналы хабарлады.

Процедура бір көзден сатып алу тәсілі арқылы өтіп, тапсырыс беруші қалалық Құрылыс басқармасы мен мердігер "Атрикс-Строй" құрылыс компаниясы тікелей келісім-шарт жасасқан. Келісім-шарт сомасы – 10,3 млрд теңге. Бұл сома нақты емес, тек жобалық-сметалық құжат пен мемлекеттің сараптама қорытындысынан кейін толық мақұлданады.

Компанияның жиырма жылдан бергі бірінші басшысы әрі иелерінің бірі Әміржан Нәбиев Алматы мәслихатына кіретін 38 депутаттың бүгінде қала басшылығымен келісім-шарт жасасқан алтауының бірі. Қала бюджетінен ең көп қаржы алатын да осы депутатқа тиесілі компания.

Әміржан Нәбиев

Әміржан Нәбиев 2013 жылы бұрынғы Нұр-Отан қазіргі Аманат партиясының қатарына қосылып, келесі жылы-ақ Алматы мәслихатына депутат болып сайланған. Содан бері үш шақырылым бойы жылы орнынан ауысқан емес. Осы аралықта депутатқа тиесілі компания әкімдікке қарасты басқармалармен жалпы жиынтығы 13,5 млрд теңгеге шарт жасасқан. Ал қалалық құрылыс басқармасымен 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Орындаған 6 тапсырыстың тек екеуін ашық конкурс арқылы ұтып алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір