• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 21:38:00
Алматы
+35°

2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласының №2 соты "Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының директоры Б. Усабеков пен "Вадиса М" ЖШС директоры С. Таировқа қатысты айыптау үкімін шығарды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті.

"Жоғарыда аталған тұлғалар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды, берді деп айыпталды. Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 24 млн теңгені құрайды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады" делінген ақпараттық хабарламада.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір