08 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі
Қалалық Достық үйінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының ұйымдастыруымен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйекте жарияланған "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" жолдауын талқылау және жүзеге асыру бойынша жиын өтті.
2022 жылғы 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі. Тоқаев өз үндеуінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына басым назар аудару керектігін айтты.
Отырыс ҚХА хатшылығы, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ өкілдерінің, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдары өкілдерінің (аналар кеңесі, "Асамблея жастары" ҚБ, журналистер клубы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы), "Алматы ТВ" телеарнасының журналисті мен операторының қатысуымен өтті. Аталған жиынға барлығы 30 адам қатысты.
Жиында Алматы қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі және этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Н:А. Балғымбаев, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, "Қазақстандық орыс мәденит орталығы" қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалының төрағасы В.А.Лукашев, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, "Ильдаш" татар гуманитарлық даму орталығының басшысы Н.И. Ниязова, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі С.В.Ананьева, Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы қаласындағы ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі Б.З.Батталханов, Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының төрағасы, "Deutsche Allgemeine Zeitung"неміс республикалық газетінің бас редакторы О.С.Клименко, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Р.А.Қайриев, "Ирныхас" Осетинск мәдени ағарту орталығының төрағасы К.В.Мамсуров сөз сөйлеп, президент жолдауын талқылауға қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында айтылған басым бағыттар жөнінде пікір алмасты. Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Мемлекет басшысының бастамаларын қолдауға және ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдары мүшелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.
Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір