• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:14:05
Алматы
+12°

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жалға берілетін пәтер бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Ulysmedia.kz порталы.

Министрдің айтуы бойынша бұл мәселе Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бақылауында және жақын арада мәселеге қатысты агенттік өкілдері өз ұсыныстарын айтатын болады. 

"Бізде жалдамалы пәтер нарығы толық реттелмеген. Көлеңкелі тұстары да жоқ емес. Мен бұл мәселені реттеу керек деген пікірдемін. Пәтер иесінің де, жалға алушы азаматтың да мүдделерін қорғай отырып мәселені шешу керек", деді министр. 

Бұдан бөлек, министр  жалдамалы пәтер нарығын мемлекет қалай реттестіре алатынын түсіндірді. 

"Нарықты реттеу дегеніміз пәтер иесіне өз мүлкін қаншаға жалға беретінін айту емес. Реттеу дегеніміз – болашақта олардың мүдделерін қорғау үшін қанша пәтер жалға берілгенін және бұл тұлғалар салық төлеуші ​​болып табылатынын білу үшін арнайы тізім жасақтау", деді Дүйсенова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір