• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:09:22
+12°
Ресейдің Иркутск облысы Усть-Илимск шақыру комиссиясында 25 жастағы жігіт мобилизацияға қарсылық ретінде коммиссия басшысын 6 рет атқан, деп жазады Mash телеграм каналы. Әскери коммиссариат басшысы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Оқ атқан жігіт ұсталды. Ол 25 жастағы Руслан Зинин есімді азамат екені анықталды.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, оқ атқан азамат ғимаратқа кіріп, "ешкім соғысқа бармайды" деп шолақ мылтықтан 6 мәрте оқ жаудырған.

Куәгерлер күдіктінің мылтығы "Брат-2" фильміндегі қаруға ұқсас екенін айтқан.

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялаған. Шақырылғандар қосымша әскери даярлықтан өтіп, соғысқа жіберілмек. Ішінара мобилизация 300 мың адамды қамтуы мүмкін екені хабарланды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ішінара мобилицазия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір