15 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: ТЖМ
Қостанай облысының прокуратурасы өңірдегі өртке байланысты Басаман орман шаруашылығы мекемесі басшылығын лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
Прокуратура күдіктінің аты-жөнін жарияламады, тек мекеме басшысы 13 қыркүйек күні ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлім етті.
15 қыркүйекте мекеме басшысын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген.
2 қыркүйекте Қостанай облысында басталған орман өрті 40 мың шаршы метрден астам аумаққа таралып, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бірнеше күн арпалысқан. Өрт болған ауылдардан 1800-дей адам көшіріліп, Аманқарағай ауылында бір адам қаза тапқан. Өрт кезінде 91 тұрғын үй зардап шеккен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір