• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:46:27
Алматы
+12°

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасындағы  тамыз айы бойынша қалыптасқан ахуалды жариялады.

Министрлік мәліметінше, электрондық еңбек биржасында тамызда 119,9 мың бос жұмыс орны және 93,9 мың түйіндеме жарияланған.

Тамыз айында бос жұмыс орындарының басым көпшілігі білім беру саласында байқалған. Оған жаңа оқу жылы әсер еткен. Бос жұмыс орындары көп салалар қатарына құрылыс және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары кірген..

Ұсынылатын әрі күтілетін жалақы мөлшері өңірлер мен мамандықтар бойынша әртүрлі. Атырау облысында ең жоғары еңбекақы ұсынылған. Онда 824 мың теңге жалақы алатын 20 өнеркәсіптік альпинистке ваканция жарияланған.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс берушілер мемлекеттік органдардағы құрылымдық бөлімшелердің басшыларына 500 мыңнан 730 мың теңгеге дейін жалақы ұсынған.

Ғылыми қызметкерлер орташа есеппен өздерін  2,7 млн теңге, бас директорлар 2,3 млн теңге, авиация инженерлері 1,6 млн теңге, кеніш директорлары 1,5 млн теңге және қосымшаларды әзірлеушілер 1,2 млн теңге жалақыға лайықты деп санайды.

Ал жұмыс берушілер мемлекеттік ұйымдардың басшыларына 640 мың теңге, бас технологтар мен қаржылық рисктер менеджерлеріне 500 мың теңге жалақы ұсынуға әзір.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Еңбек биржасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір