• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:30:58
Алматы
+12°

8 қыркүйекте Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында "Қазақстандағы 1930-шы жылдардағы жаппай ашаршылық және қазақтардың шектес аумақтарға мәжбүрлі қоныс аударуы: заманауи түсіну және ғылыми бағалау мәселелері" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қаржылай қолдауымен  "ХХ ғасырдың 30-жж. басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Орта Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуі" жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

ko

Қашықтықтан өткізілген конференцияға ғалымдар, қоғам қайраткерлері, докторанттар, магистранттар, мектептегі тарих пәнінің мүғалімдері мен студент жастар қатысты. Атап өтсек, Ресей ғылым академиясы СБ Тарих институтының директоры Рынков Вадим Маркович (РФ, Новосибирск қаласы), Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының проректоры, т.ғ.д, профессор З.К. Курманов (Бішкек қаласы, Қырғызстан), Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің әлем тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Б.А. Пасилов (Ташкент қаласы, Өзбекстан), және Ресей Федерациясынан: Ресей Ғылым Академиясының Сібір бөлімінің Тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері Н.Н. Абжалей (Новосибирск қаласы, РФ), өз елімізден Мемлекет тарихихы институты директоры т.ғ.д., профессор Е.А. Әбіл Е, осы аталмыш институттың директор орынбасары т.ғ.д., профессор Б.Г. Аяған, Қорқыт Ата ат. Қызылорда университетінен с.ғ.д., профессор Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлы, Әл-Фараби ат. ҚҰУ профессоры Қ.Қ. Құнапина, Қызылорда облысының мемлекеттік архивінен Д.А. Қалтаева және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан т.ғ.д., профессор С.М. Борбосов, т.ғ.д., профессор О.Х. Мұқатова, т.ғ.д., профессор А.И. Құдайбергенова, PhD доктор М.М. Қозыбаева және т.б. ғалымдар баяндама жасады.

mok

Алматыдағы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қабырғасында өткен бұл конференцияға Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Өскемен Орал, Шымкент қалалары ал, шетелдерден, Мәскеу, Новосибирск, Ташкент, Бішкек қалаларының жоғары оқу орындарынан, ғылыми-зерттеу институттарынан, архив, мұражай және орта мектептерден қазақ босқындары тақырыбына бей-жай қарамайтын азаматтар қатысып, баяндамаларын, ұсыныстарын  ортаға салып, талқылаудан өткізді. Қорыта айтқанда конференцияны ұйымдастырушылар осы баяндамаларды жинақ ретінде шығады.

Байдалы Рауан, PhD доктор, А.Байтұрсынұлы атындағы
Қостанай өңірлік университеті

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: институт Қостанай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір