08 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: malim.kz
Алматыда далаға өрт қойып жүрген ер адам Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері екені расталды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
"Видеода көрсетілген азамат шынымен де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ No5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері – азаматтық қорғау аға өрт сөндіру сержанты Өтеулиев Жанат Ерғалиұлы. Ол 1983 жылы туған, азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бері қызмет атқарады", - делінген хабарламада
Өтеулиевті Алматы облысы Жамбыл ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 440-бабы 1-бөлімі және 505-бабы 1-бөлім бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір