08 Қыркүйек, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Бір жылда қолданыстағы пәтер бағасы 25,8 пайызға, жаңа тұрғын үйлер құны 18,1 пайызға өскен. Тұрғын үйді жалға алу бір жылда 31,8 пайызға артқан. Бұл туралы статистика бюросы хабарлап отыр.
Бюро мәліметінше, жаңа үйлер қымбатшылығы әсіресе Ақтөбе қаласында (32,5%), Нұр-Сұлтанда (27,6%), Қостанайда (26,3%) байқалған.
Қолданыстағы баспана саудасында баға Қызылорда (48,4%), Нұр-Сұлтан (40,8%), Өскемен (39,9%), Талдықорған (36,5%) қалаларында аспандап тұр.
Тұрғын үйді жалға алу жөнінен ең қымбат қала – Алматы. Оңтүстік астанада бір жылда пәтерді жалға алу құны 62,5% пайызға көтерілген.
Тамыз айында екінші нарықтағы баспана бағасы 0,4 пайызға қымбаттаса, жаңа нарықтағы үй бағасы 0,1 пайызға арзандаған.
Ал жалға алу бір айда күрт өсіп, 12,4 пайызға қымбаттаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір